Оралда полицей қыз зорлады деген күдікке ілінді
795
Орал қаласында бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты ауыр қылмыс бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Мой город. 25 жастағы экс-полицей қыз зорлады деген күдікке ілінген.
Басылым мәліметінше, әлеуметтік желіде Абай полиция бөлімі қызметкерінің қызметтік міндетін атқару кезінде қылмыс жасағаны туралы ақпарат тараған. Алдын ала дерек бойынша, оқиға көршілердің шуға қатысты шағымынан кейін болған. Полиция қызметкері пәтерді тексеруге барған кезде күдікті қылмыс сол жерде жасалған болуы мүмкін.
Орал қалалық прокуратурасы қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды», – деп мәлімдеді қадағалау органы.
Ал Полиция департаменті өз қатарындағы заң бұзушылықтарға мүлде төзім болмайтынын айтып, мұндай әрекеттер қатаң түрде тоқтатылатынын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
12:50
Ақтөбе облысында ер адам изолятордан қашып кеткен
08.10.2026
12:32
«Айта берсең көп, қайсыбірін айтайын». Роза коу...
08.10.2026
12:24
Қазақстанда бір қорап дәрі 463 мың теңге: Аймағ...
08.10.2026
12:23
«Үш күн күткен»: Дәрігерлер Маңғыстауда балықта...
08.10.2026
11:54
Қордайда белгісіз әйел үш жылдан бері ауруханад...
08.10.2026
11:33
Бала күтімі мен көпбалалыларға берілетін ақша т...