Павлодарда оқушы мұғалімді тұншықтырды

Павлодарда оқушы мұғалімді тұншықтырды
20.10.2025 14:34
0
253
depositphotos.com

Павлодардағы №11 мектепте күзгі бал кезінде мұғалім мен оқушы арасында дау шықты.

Бұл туралы қалалық білім бөлімі мен облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Telegram-арналарда тараған ақпаратқа сәйкес, акт залында өткен мерекелік шара кезінде 9-сынып оқушысы әйел мұғалімнің ескертуінен кейін оған қол көтерген. Куәгерлердің айтуынша, оқушы ұстазын мойнынан қысып, біраз уақыт тұншықтырған. Кейін ол мұғалімді босатып, залдан шығып кеткен.

Павлодар қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға расталды.

№11 мектепте болған жағдай бойынша құқық қорғау органдары оқушының ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Іс материалдары сотқа жолданды, – делінген ресми хабарламада.

Павлодар облыстық полиция департаменті де бұл деректі растады. Ведомство оқушының әрекетіне қатысты тексеру жүргізілгенін хабарлады. Қазір жағдай кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

Оқиға қоғамда қызу талқыланып, ұстаздарға қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселесін қайта көтерді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий