Педагог 17 жастағы оқушысын зорлап, артынан суға у қосып берген

Педагог 17 жастағы оқушысын зорлап, артынан суға у қосып берген
Depositphotos

Оқиға 5 қазанда Үндістандағы Сахарса ауданында болған. Қыздың әкесінің айтуынша, оның қызы дағдыларды дамыту орталығында компьютерлік сауаттылық курсына қатысқан.

Мұғалім Вишну Дж қызға тиіскен және оны өзімен бірге баруға мәжбүрлеген. Орталықта оны ер адам оны ұрып, зорлап, содан соң суына у қосқан.

Жасөспірімнің жағдайы нашарлаған кезде педагог оны аудандық ауруханаға жеткізіп, өзі қашып кеткен. Жедел жәрдем көлігінде зардап шегуші әжесіне болған оқиғаны айтып үлгерген. Алайда қызды құтқару мүмкін болмады.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жұмыс істеген дағдыларды дамыту орталығының операторы мұғалім мен оқушы арасында «махаббат байланысы» болғанын мәлімдеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу