Қазақстан шетелдіктерге «алтын виза» ұсынып жатыр
Қазақстан көші-қон саясатын жаңғыртуға кірісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева мәлімдеді. Жаңа реформаның басты жаңалығы — «Алтын виза» бағдарламасы. Бұл бастама арқылы инвесторлар мен IT, медицина, инженерия сияқты салалардағы жоғары білікті шетелдік мамандарға Қазақстанда ұзақ мерзім тұрақты жұмыс істеу мен тұруға қолайлы жағдай жасалады.
Сонымен қатар, көші-қон рәсімдері толықтай цифрлық форматқа көшіріліп, «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асады. Өтініштерді қарау мерзімі қысқарып, шетелдік дипломдар мен біліктіліктерді тану процесі жеңілдетіледі. Әсіресе кадр тапшылығы бар салаларға басымдық беріледі.
Аида Балаеваның айтуынша, бұл реформаның негізгі мақсаты — көші-қон жүйесін тек бюрократиялық процесс емес, елге таланттар мен инвестиция тартудың тиімді құралына айналдыру.
Соңғы жаңалықтар