ҚТЖ-ға еншілес компанияның топ-менеджері ұсталды

06.03.2026 09:38 Әсел Мұрат
ҚТЖ-ға еншілес компанияның топ-менеджері ұсталды
212
Фото: ашық дереккөз

ҚТЖ-ға еншілес «Қазтеміртранс» компаниясы Алматы филиалының директоры Ақылбек Базенов ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақпаратты компанияның өзі ішінара растады.

«Қазтеміртранс» АҚ қазіргі уақытта құзыретті құқық қорғау органдарының тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқанын растайды. Компания уәкілетті органдарға жан-жақты жәрдем көрсетеді және жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынады», – деп таратты компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, компания филиал нысандарын күзету бойынша мемлекеттік сатып алуда жеңіске жетуге көмектескені үшін ірі көлемде заңсыз сыйақы алды деген ақпарат күмән тудыратынын мәлімдеді.

«Қазтеміртранс» дерегінше, қазіргі уақытта күзет қызметтерін көрсетуге қатысты компания мен күзет ұйымдары арасындағы барлық келісімшарт жасалып, рәсімдер толық аяқталған.
Компания жариялаған анықтамада «ҚазТемірТранс» компаниясының күзет қызметтеріне қатысты жалпы бюджеті шамамен 200 млн теңге екені айтылған. Мәліметке қарағанда, Алматы филиалы бойынша өндірістік базаларды күзетуге 9 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Компания бұл сома ақпарат кеңістігінде тараған ықтимал пара мөлшерінен бірнеше есе аз екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта «Қазтеміртранс» қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий