"Қысқа юбка": 16 жастағы жасөспірім анасын не үшін өлтіргені белгілі болды
Баку қаласының Бинагадин ауданында қонақүй аумағында кісі өлтіру фактісі орын алды.
2009 жылы туған жергілікті тұрғын Айхан Гасымлы өзінің анасы, 1989 жылы туған Эсмет Гасымованы қонақүй бөлмесінде өлтірген.
Оған себеп - анасының қысқа юбка кигені. Ұлымен Түркиядан қыдырып келген әйел қонақ үйге тоқтауды жөн санаған. Сол жерде киген киімі үшін баласымен жанжалдасып қалған ол бірнеше пышақ жарақатынан көз жұмды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа күдікті А. Гасымлы ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
20:47
Шымкентте есірткі іздеген полицейлер өз әріптес...
21.10.2026
20:21
Каспийге Аралдың күні тумасын: Тоқаев әлемге үн...
21.10.2026
20:13
Тоқаев Бакуде Израиль басшысымен не туралы келі...
21.10.2026
20:07
Қатармен миллиардтаған долларлық жобалар: Тоқае...
21.10.2026
17:57
Жезқазғанда «Қазақмыс» өндірісті бір жерден бақ...
21.10.2026
17:13
«Өнерде 40 жыл»: Бақыт Шадаева сахнаға қайта ор...