"Қызғанып қалдық": Нұрболат Абдуллин бейтаныс қызбен вальс биледі
1225
Отандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин қазір Қазақстанның әр қаласын аралап, концерт беріп жүр. Өнер иесі күні кеше Қызылордада өткен ән кешінде көрерменмен вальс билеген.
Әнші концерттегі видео үзіндісін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда сахнада тұрған Нұрболат Абдуллиннің бірнеше нәзік жандымен вальс билегенін аңғаруға болады.
"Қызылорда болған соң қызыл көйлек кигенмен билеймін дегенмін ғой",- деп жазды әнші.
Желі оқырмандары видео астына түрлі пікір жазып қалдырды. Олар сахнада өнер иесімен билеген қыздардың арманы орындалды деп есептейді.
"Кеше неге Тараздың қыздарын биге шақырмадыңыз?","Қуаныш сыйлау оңай, ол - жылы сөз бен жылы жүз. Қыздардың бал-бұл жанған жүздері-ай", "Не деген бақытты қыздар, қызғанып қалдық", "Әр ән айтқанын, әр қимылын көріп отыра бергім келеді", "Әйелдер қуанып қалды", - деп жазды көпшілік.
Соңғы жаңалықтар
23.04.2026
23:20
Алматыда аялдамада қарт әйелді аяусыз соққыға ж...
23.04.2026
22:26
«Алдыма келіп жауап бер!»: Ақтауда баласынан ай...
23.04.2026
21:03
«Бюджет табысы азайып, шығын өсіп барады»: Сара...
23.04.2026
20:16
Алматы метросында жолаушылар шұғыл эвакуацияланды
23.04.2026
19:25
Алматыда “әйелдерімен” жүрген ер адам видеосына...
23.04.2026
18:46
Шымкентте ақша бопсалаушылар қылмыс үстінде ұст...