Санжар Боқаевтың қамау мерзімі үшінші рет ұзартылды

Санжар Боқаевтың қамау мерзімі үшінші рет ұзартылды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың қамаудағы мерзімі 18 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл ақпаратты оның қорғаушысы Радмир Өтепов растады.

"Өкінішке қарай, тергеу соты қорғауымыздағы Санжар Омарұлы Боқаевты қамауда ұстау мерзімін 2026 жылдың 18 тамызына дейін қайта ұзартты", – деді адвокат өзінің Instagram парақшасында.

Белсенді биыл 3 наурызда Америкадан елге оралған бойда ұсталып, алғашында екі айға қамалған еді. Кейін бұлтартпау шарасы 18 маусымға, одан соң 18 шілдеге дейін созылды. Осымен оның қамаудағы уақыты үшінші рет ұзартылып отыр.

Қазіргі таңда Боқаев аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды, көрінеу жалған ақпарат таратты және ағаштарды заңсыз кесті деген бірнеше бап бойынша күдікке ілінген. Ол Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторында қамауда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу