Сәпиевпен төбелескен оның орынбасары мәлімдеме жасады

26.01.2026 09:53 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Сәпиевпен төбелескен оның орынбасары мәлімдеме жасады
212
Фото: әлеуметтік желіден

Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевпен  жанжалдасқан оның орынбасары Дәурен Есімханов та болған оқиғадан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті арандатуға ермеуге шақырды

«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын», - деп жазды ол.

Дәурен Есімханов – самбодан және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері, джиу-джитсудан әлем чемпионы.

Күні кеше Серік Сәпиев те көпшіліктің алдына шығып, өз шындығын айтып, мәлімдеме жасаған болатын. Олимпиада чемпионының мәлімдеуінше, оның орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжал жеке немесе тұрмыстық сипатта болмаған.

«Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді», - деді Сәпиев.

Облыстық әкімдік Сәпиевтің сөзінен кейін спорт басқармасында тексеріс басталғанын хабарлады. Оны мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мамандары өткізеді. Сонымен қатар басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Олимпиада чемпионының өз қызметкерінен соққы алғаны туралы мәліметтер таралды. Кейін екеуінің арасындағы кикілжіңнің видеосы тарап кеткен болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий