Сәуле Базархан ота жасатып, көз жұмған клиника ресми жауаппен шықты 

21.05.2026 12:36 Әсел Мұрат
Сәуле Базархан ота жасатып, көз жұмған клиника ресми жауаппен шықты 
270
Фото: instagram.com/saule_bazarkhan

Блогер Сауле Базархан қайтыс болғаннан кейін Smart Beauty Clinic клиникасыалғаш рет ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Медициналық мекеме дәрігерлік құпияға байланысты оқиғаның мән-жайын жариялай алмайтынын мәлімдеді.

«Дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігіне, марқұмның отбасына құрмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізіліп жатқан тексеру шараларының объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында клиника ресми рәсімдер аяқталғанға дейін болған жағдайдың мән-жайы мен медициналық деректеріне қатысты жария түрде пікір білдіруді орынсыз деп санайды.

БАҚ өкілдерінен, әлеуметтік желі қолданушыларынан және жұртшылықтан марқұмның рухына және оның жақындарының сезіміне құрметпен қарап, расталмаған ақпарат пен түрлі жорамалдарды таратудан аулақ болуды сұраймыз», — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ клиника қазіргі уақытта жаңа пациенттерді қабылдамайтынын хабарлады. Алайда мекеме өздерінің қазіргі пациенттеріне «қажетті медициналық көмекті көрсетуге» дайын екенін атап өтті.

Қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның қызы анасының қазасына байланысты қоғамнан көмек сұрады.

Марқұмның қызының айтуынша, 53 жастағы Сәуле Ермаханова 15 мамыр күні Алматыдағы жеке пластикалық хирургия клиникасында липосакция отасы кезінде көз жұмған.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий