«Созылып, лағып жүресіңдер»: танымал бапкер Олимпиададағы боксшыларға шүйлікті
Танымал бокс бапкері Мұхит Амантаев TikTok желісінде Олимпиадада сынға түскен қазақстандық боксшыларды қатаң сынап, ағалық кеңесін берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол боксшылардың жекпе-жектеріне көңілі толмайтынын айтып ашуланды.
«Созылып, лағып жүресіңдер. «Қойшы ақылшы бола бермей» деп. Ақылшы болу бөлек нәрсе. Бірақ мен осы салада өстім, осы саланы білетіндіктен аға ретінде айтып отырмын. Мінез қайда? Бірінші раундтан бастап ұру, үсті-үстіне төпелеу қайда? Сонда ғана төрешілер мынау күшті екен, жеңіске деген құштарлығы бар екен дейді.
Үш раунд біткен соң лотерея күткендей, «жеңісті кімге береді екен» деп тұрмау керек. Өзіңнің жеңісіңе сенімді тұру керексің», - дейді бұрынғы боксшы, бүгінде бапкерлік жолда жүрген Мұхит Амантаев.
Фото: El.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
14:30
Маңғыстауда балалар ауруханасында дәрігерге шаб...
01.11.2026
13:42
Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуіл...
01.11.2026
12:33
Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Зардап шекке...
01.11.2026
11:31
Қостанайда екі ер адам 17 миллион теңге бопсала...
01.11.2026
10:21
Жұмысқа кешіккендерге айыппұл салуға бола ма? М...
01.11.2026
09:22
«Мына сайқымазақты беріңдер»: Олимпиада чемпион...