Степногорскте оқушылардың жеке деректері тарап кетті
628
Ақмола облысы прокуратурасы Степногорск қаласында 165 оқушының жеке деректері тарап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кейбір білім беру ұйымдарының сайттары мен білім бөлімінің ресми ресурстарында балалар туралы мәліметтер қамтылған құжаттар жарияланған.
Олардың қатарында оқушылардың тегі, аты, оқу орны және әлеуметтік мәртебесіне қатысты деректер болған. Сондай-ақ желіде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ қорғаншылықтағы кәмелетке толмаған балалар туралы ақпарат тараған.
«Деректер қолжетімді болған және олардың әрі қарай таралу қаупін тудырды. Қадағалау актісі бойынша заңбұзушылықтар жойылды. Кәмелетке толмағандардың жеке деректері ашық қолжетімділіктен алынып тасталды, ал кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
13:54
БҚО-да төрт бала туған анасынан бас тартты
14.10.2026
13:22
Айбек Барыс бәсекелесін балағаттағаны үшін сотт...
14.10.2026
12:48
«Байлар мемлекеттен көмек алмауы керек»: Бектен...
14.10.2026
12:38
«Сізді сағынатын боламын»: Ақмола облысында 38 ...
14.10.2026
12:36
Алматы облысында үкіммен келіспеген сотталушы с...
14.10.2026
12:14
Атыраудың экс-әкімі Шәкір Кейкінге қатысты қылм...