Тоқаев премьер-министрдің де кандидатурасын ұсынды
223
ЖАЛҒАСЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының қарауына премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.
Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектеновты ұсынылып отыр.
Олжас Бектенов туралы не білеміз?
Ол 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген (2001).
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.
- 2005–2006 жылдары — Премьер-министр Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.
- 2006–2009 жылдары Президент Әкімшілігінде қызмет істеді.
- 2009–2012 жылдары — Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
- 2012–2014 жылдары — Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
- 2015–2016 жылдары — Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, Президент Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.
- 2016м2017 жылдары — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті басшысы.
- 2017–2018 жылдары — Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
- 2018–2019 жылдары — Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
- 2019–2022 жылдары — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
- 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін —Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
- 2023 жылдың 3 сәуірінде президент әкімшілігінің басшысы болды.
- 2024 жылғы 6 ақпанда премьер-министр болып тағайындалды.
Сондай-ақ Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Кариннің кандидатурасын ұсынды.
Соңғы жаңалықтар
31.08.2026
11:18
«Мейрамбектің алып бара жатқан вокалы жоқ»: Дас...
31.08.2026
11:16
Ерлан Қарин – вице-президент, Олжас Бектенов – ...
31.08.2026
11:02
Тоқаев премьер-министрдің де кандидатурасын ұсынды
31.08.2026
10:57
Тоқаев Ерлан Қаринды Вице-президент лауазымына ...
31.08.2026
10:45
Құралай ханым: Мен жолдасым түгілі, бүкіл ауылд...
31.08.2026
10:35
Нұрай Серікбай ісі: тергеушінің үстінен қылмыст...