"Уақыт емдей алмаған жаралардың ізі": Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше жазба жариялады
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өзі ойнайтын жаңа спектакльдің премьерасы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, қойылым тек махаббат жайлы емес, уақыт емдей алмаған жаралар туралы сыр шертеді.
«Бұл спектакль – махаббат туралы ғана емес. Сезімді тұрмыс жеңген, бір кездері бір-бірін шексіз сүйген екі адамның уақыт емдей алмаған жараларының ізі жайлы…», – деп жазды актриса.
Айта кетейік, спектакль Сергей Прокофьевтің «Разговор без свидетеля» пьесасының желісі бойынша сахналанған. Қойылымда басты рөлдерді Азамат Сатыбалды мен Жұлдыз Әбдікәрімова сомдайды.
Премьера 8–9 тамыз күндері сағат 19:00-де ЖАС САХНА театрының үлкен залында өтеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...
16.10.2026
19:11
“Есікті бұғаттап, ұрып жіберді”: Алматыда бойже...