Үш сағат әуеде айналған Air Astana ұшағы Алматыға кері қайтты

02.07.2026 21:17 Қарақат АСЫЛОВА
Үш сағат әуеде айналған Air Astana ұшағы Алматыға кері қайтты
254
Фото: Air Astana
Астанаға ұшқан Air Astana ұшағы үш сағат әуеде айналып, Алматыға қайтты

Air Astana әуе компаниясының Алматыдан Астанаға бағыт алған жолаушылар ұшағы қолайсыз ауа райына байланысты ұшу әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 19 маусымда болған. KC 7307 рейсі Алматыдан Астанаға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:15-те кестеге сай ұшып шыққан. Алайда Астанадағы найзағай мен қатты қарсы желдің салдарынан экипаж қауіпсіздік мақсатында Алматыға қайту туралы шешім қабылдаған.

Ұшақ қону алдында шамамен үш сағат бойы әуеде айналып ұшқан. Бұл ұшақтың қонуға рұқсат етілген салмаққа жетуі үшін артық жанармайды жұмсауға бағытталған азаматтық авиациядағы стандартты қауіпсіздік рәсімі.

Нәтижесінде әуе кемесі Алматы әуежайына сәтті қонып, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген.

Air Astana компаниясының мәліметінше, рейстің кейінге қалдырылуына байланысты жолаушыларға қолданыстағы тасымалдау қағидаларына сәйкес қажетті қызметтер, оның ішінде тамақтану мен қажет болған жағдайда қонақүйде орналастыру ұсынылады.

Войдите, чтобы оставить комментарий