«Ұялмайды екен»: Тойда жүрген Мұқасан Шахзадаевты жұрт сынап тастады
Танымал әнші, «Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі Мұқасан Шахзадаев соттан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі жұбайымен бірге Мирас пен Құралайдың қыздарының ұзату тойына арнайы қонақ ретінде барған. Тойдан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, онда Мұқасан Шахзадаевтың «жұлдызды қонақ» ретінде көрсетілгені жазылған.
Алайда видеоны көрген желі қолданушылары әншінің ел алдына шығуына байланысты түрлі пікір білдіріп, оны сынға алды.
«Дым болмағандай жүр ғой», «Жек көріп кеттім бұны», «Ұялмайды екен», «Сүйкімсіз», «Өркөкірек» деген пікірлер жазылған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Мұқасан Шахзадаевтың үйінде болған жанжалға қатысты іс қаралған.
Сот материалдарына сәйкес, әнші Ғалымжан Сүлейменді ұрып-соққан Азамат Есеркенов Қылмыстық кодекстің 108-1-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) кінәлі деп танылған.
Сот үкімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Ол бір ай ішінде мемлекетке 86 500 теңге айыппұл және жәбірленушілерге өтемақы қорына 19 660 теңге төлеуге міндеттелді.
Соңғы жаңалықтар