«Заңсыз әрекет жасалды»: Сәпиев орынбасарымен не үшін төбелескенін айтты

26.01.2026 09:06 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Заңсыз әрекет жасалды»: Сәпиев орынбасарымен не үшін төбелескенін айтты
246
фото-коллаж: politico.kz

Серік Сәпиев орынбасарымен не себепті жанжалдасқаны туралы айтып, өзінің әлеуметтік парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Чемпионның айтуынша, оның орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжал жеке немесе тұрмыстық сипатта болмаған.

 

«Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді. Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды», - деді Сәпиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Олимпиада чемпионының өз қызметкерінен соққы алғаны туралы мәліметтер таралды. Кейін екеуінің арасындағы кикілжіңнің видеосы тарап кеткен болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий