Жаңаөзенде тағы да кісі өлімі: ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты

Жаңаөзенде тағы да кісі өлімі: ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Жаңаөзенде тұрмыстық жанжал кезінде пышақ жарақатын алған 44 жастағы ер адам медициналық мекемеде көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал алкогольдік ішімдік ішу барысында туындаған.

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде жас дәрігердің қаза тапқаны, сондай-ақ жеті баланың анасы күйеуі тарапынан өлтірілгені туралы ақпарат тараған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу