Желіде Жігер Ауыпбаевтың ағыл-тегіл жылаған видеосы жарияланды

Желіде Жігер Ауыпбаевтың ағыл-тегіл жылаған видеосы жарияланды
05.07.2025 11:03
0
186
коллаж turkystan.kz

Танымал әншінің әлеуметтік желіде жариялаған видеосы тыңдармандар ойын сан-саққа жүгіртті, деп жазды POLITICO.KZ turkystan.kz cайтына сілтеме жасап.

Жігер Ауыпбаев өз видеосына «Кейде сағынып кетесің...» деген түсініксіз сипаттама берген. Сондай-ақ сөйлемінің соңына қарс айырылған жүрек пен сәбиді бейнелейтін смайлик қалдырған. Ал бейнежазба жақында жарық көрген өзінің «Ұлың маған ұқсаған» әнімен әрленген.

Әншінің бұл қылығын түсінбеген көпшілік түрлі пікір білдірді.

«Ер адамға жылаған жараспайды», «Әйел адам бекер ажыраспайды. Жас кезіңізде бағаламаған шығарсыз. Мүмкін енді есіңіз кіріп, әйеліңіз бен балаңызды сағынып жатқан шығарсыз», «Алла сағынған адамыңызбен тезірек жолығуға жазсын», «Енді еркектер жылап шығу хит болып жатыр ма?» деп жазды желі қолданушылары.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263483-zelide-ziger-auypbaevtyn-agyl-tegil-zylagan-videosy-zariialandy

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий