Жеңілатлет Нора Джеруто декреттен кейінгі дайындығы туралы айтты
Жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасының финалына шыққан Нора Джеруто өзінің бүгінгі нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Politico.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Бұл менің алғашқы Олимпиадам. Сондықтан, финалда Қазақстан намысын қорғайтыныма өте қуаныштымын. Өзімнің жеке рекордымды орнатқаным да қуантады. Финалда мен өзімді көрсетемін әлі. Көп нәрсе күтемін. Менің Қазақстанға алғысым шексіз. Олимпиадаға тыңғылықты дайындалдым. Менің бір жасар балам бар. Бірақ маған декреттік демалыстан оралу қиын болған жоқ, себебі, мен үнемі өзімді бабымда ұстаймын. Іріктеу кезінде эфиопиялық және америкалық атлеттермен жарысу қиын болды. Оларды басып озу оңай емес. Бірақ финалда аянып қалмаймын», - деді Джеруто.Фото: Владислав Семенов, ҰОК
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
14:30
Маңғыстауда балалар ауруханасында дәрігерге шаб...
01.11.2026
13:42
Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуіл...
01.11.2026
12:33
Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Зардап шекке...
01.11.2026
11:31
Қостанайда екі ер адам 17 миллион теңге бопсала...
01.11.2026
10:21
Жұмысқа кешіккендерге айыппұл салуға бола ма? М...
01.11.2026
09:22
«Мына сайқымазақты беріңдер»: Олимпиада чемпион...