Жетісуда машинист теміржол бойында жалғыз жүрген 4 жасар баланы құтқарды
206
Жетісуда жүк пойызының машинисі теміржол бойында жалғыз жүрген 4 жасар баланы көріп, пойызды тоқтатқан, деп хабарлайды Politico.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2026 жылғы 20 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында болған. Сарыөзек – Үштөбе учаскесіндегі Тауарасы – Айнабұлақ аралығында жүк пойызы жүріп келе жатқан. Сол кезде машинист теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз кетіп бара жатқан бүлдіршінді байқайды.
Жүк пойызы бұл кезде шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Машинист бірден қызметтік тежеуді қолданып, құрамды тоқтатады. Ол баланы локомотив кабинасына мінгізіп алып, жағдайды пойыз диспетчеріне хабарлаған.
Кейін бүлдіршін Айнабұлақ станциясының кезекшісіне табысталды. Станция қызметкері баланың ата-анасымен байланысқа шығып, оларды тапқан.
Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
12:18
Ғалым: Қандастарға "Сіздер дұрыс жасадыңыздар" ...
21.09.2026
11:59
Жетісуда машинист теміржол бойында жалғыз жүрге...
21.09.2026
11:57
Ғалым Жүсіпбек: Қандас ер адамдарда «дедовщина»...
21.09.2026
11:36
Роза Рымбаева: Бет-аузын тұмшалап алған қыздард...
21.09.2026
11:30
Әділетхан Молдаханның апелляциялық соты қашан ...
21.09.2026
11:18
Қонаевта 22 жастағы жүргізуші баланы қағып өлтірді