Жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, жеті адам қаза тапты

Жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, жеті адам қаза тапты
21.04.2025 12:01
0
100
ашық дереккөз

Таиландта Нонгкхай қаласынан Районг провинциясына бағыт алған жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына түсіп, отқа оранып, салдарынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы дүйсенбі күні Thai Rath газеті хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автобус тау етегінен түсу кезінде тежегіш жүйесі істен шығып, тапиокамен тиелген жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін көлік өртеніп кеткен. Оқиға орнында 7 адам қаза тапты. Автобуста болған 53 жолаушының 41-і түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді.

Қайғылы оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түні, жергілікті уақытпен сағат 2:00 шамасында (Мәскеу уақытымен 22:00) орын алған. Қаза тапқандардың арасында автобустың негізгі және қосалқы жүргізушілері, сондай-ақ бір бала болғаны анықталды.

Жол апатынан кейін 15 минут ішінде құтқарушылар мен полиция оқиға орнына жетті. Осы уақыт аралығында жолдан өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері зардап шеккендерді автобустан шығарып, алғашқы көмекті өз бетінше көрсеткен. Қақтығыстан кейін жеті минут өткен соң басталған өртті олар өздерінің өрт сөндіргіш құралдары арқылы сөндіруге тырысқан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий