«81 адам құтқарылды, 27-і бала»: Түркістан облысында төтенше жағдай болды

02.05.2026 12:12 Қарақат АСЫЛОВА
«81 адам құтқарылды, 27-і бала»: Түркістан облысында төтенше жағдай болды
212
Түркістанда нөсер салдары: 81 адам қауіпсіз жерге жеткізілді

Түркістан облысының Төлеби ауданында су тасқыны салдарынан 81 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Ақмешіт ауылы маңындағы туристік аймақта болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, нөсер жауын-шашынның салдарынан өзендегі су деңгейі күрт көтерілген. Күшті ағыс уақытша қолдан жасалған көпірді ағызып әкеткен. Сонымен қатар Екпінді ауылы маңындағы өткелге де зақым келген.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Екпінді ауылынан 11 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Ал демалыс аймағынан тағы 70 адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды.

Уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника тартылған. Қазіргі таңда эвакуацияланғандардың барлығының жағдайы қалыпты, зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмаған.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар қызметі, «Қазселденқорғау», полиция және жергілікті атқарушы органдар жұмыс жүргізіп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий