"Ағама кінә тақпаңыздар": Жандос Қабатовтың басы дауға қалды
Желіде Жандос Қабатов бауырына қатысты мәселелерге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Жандос Қабатов өз парақшасында Тұрсынбек Қабатовтың балаларымен араласып тұратынын дәлелдеуге бар күшін салып жанталасуда. "Ағама кінә тақпаңыздар" деген Жандос жұртты "өсекқұмарсыңдар" деп айыптады.
"Өз басым әкеммен жақсы араласамын" деген Тұрсынбектің қызының жазбасымен бөліскен Жандос Қабатов "Мөлдірдің сұхбатта айтқан өтіріктерін" әшкерелеуді көздеген сыңайлы.
"Қарғыс айтқыш апаларым мен қыздар қауымы бар едіғо кеше
Солар не айтар екен мынаған" деп жазған Жандос Қабатов мұнымен қоймай, оқырмандарымен де сөз жарыстырып отыр.
Жандостың бір оқырманы: "Жандос Қабатов не деп оттап отырсың? Басқа қатын іздеп кеткен көргенсіздікті яни ағаңды қолдаған түрің бе? Мына жетіп қалған қыздарды ертең “әкең сендерді тастап кеткен” деп жігіттер мазақ қылады ау деп ойладың ба? Елде не шаруаң бар? Қарғыс айтқыш апалар дейсің, бүкіл әйел қауымы балалардың және Мөлдірдің алдағы өмірі үшін алаңдайды! Сенің мына Тұрсынбектің тапсырысымен шығарғаның қыздарға әке бола ма? Менің де бетім қалың десеңші!!"деп жазды.
Басқа да оқырмандары Жандостың бұл әрекетін сынап, ауыр сөздер айтып тастады.
Соңғы жаңалықтар