Алматы облысында жасөспірім тізгіндеген көлік 12 жасар баланы қағып кетті (ВИДЕО)
Алматы облысы Түрген ауылында 11-сынып оқушылары мінген көлік 12 жастағы баланы қағып кетіп, кейін жасөспірімдер оқиғаны жасырмақ болған, деп хабарлайды Politico.kz.
Зардап шеккен баланың туыстарының айтуынша, көліктің ішінде жоғары сынып оқушысы отырған. Олардың бірі рөлде болған.
Желіде тараған видеода жасөспірімдердің қағып кеткен баланы мектеп жаққа алып кеткені байқалады. Ал келесі бір оқушы көлікті оқиға орнынан әкетіп, жасырмақ болған.
Туыстарының сөзінше, мектеп оқушылары баланы шамамен жарты сағаттан астам уақыт бойы жібермей ұстап отырған. Олар қорқытып, болған жағдай туралы ешкімге айтпауын талап еткен.
Кейін жасөспірімдер зардап шеккен баланы мектепке апарып, мұғалімдерге оны көлік емес, мопед қағып кеткенін айтқан.
Оқиғадан кейін полиция кәмелетке толмаған жүргізушіні анықтап, жауапкершілікке тартты.Сондай-ақ, оның ата-анасына қатысты екі әкімшілік бап бойынша шара қолданылды.
«Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соңғы шешім медициналық қорытынды мен зардап шеккен бала ауруханадан шыққанынан кейін қабылданады», – дейді Алматы облыстық полиция департаментіндегілер.
Соңғы жаңалықтар