Алматыда жеке үй өртеніп, 5 адам тірідей жанып кетті

Алматыда жеке үй өртеніп, 5 адам тірідей жанып кетті
Фото: t.me/qr_tjm
ЖАЛҒАСЫ

Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан бес адам көз жұмды. Олардың денесі тілсіз жауды сөндіру кезінде табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 03:44-те «112» пультіне Бостандық ауданындағы жеке үйлердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«ТЖД-ның алғашқы бөлімшесі шақырту түскен сәттен бастап 4 минут ішінде оқиға орнына жетті. Құтқарушылар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, қызыл жалын күшейіп тұрған», – деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Өрт сағат 04:42-де толығымен сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД-ның жеке құрамынан 35 қызметкер мен 9 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан бес адамның мәйіті табылды, олардың бірі – кәмелетке толмаған бала.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталуда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу