Ақтөбе полициясы 105 миллион теңгеге былғары салонды көлік алмақ
677
Ақтөбе полициясы әрқайсысы 53 млн теңгеге жуық екі көлік алмақ
Ақтөбе облысының полиция департаменті (ДП) қомақты сомаға екі жеңіл автокөлік сатып алуды жоспарлап отыр. Тиісті лот мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған, деп хабарлайды Politico.kz.
Құжатта тапсырыс беруші ретінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қарасты Ақтөбе облысының Полиция департаменті көрсетілген. Сатып алынатын тауар – патрульдік полицияға арналған автокөлік.Бір автокөліктің бағасы – 52 715 517,24 теңге. Барлығы екі көлік сатып алу жоспарланған. Жалпы сомасы – 105 431 034,48 теңге.
Техникалық сипаттамада көліктерге қойылған талаптар да назар аудартады. Атап айтқанда, салонда былғары орындықтар және «музыкаға арналған кемінде алты динамик» болуы тиіс екені көрсетілген.
Конкурсқа өтінімдерді алдын ала қабылдау 25 ақпан мен 5 наурыз аралығында өтеді.
Қымбат көліктердің нақты қандай маркада болатыны әзірге белгісіз.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...