Атырауда блогерді зират басына апарып соққыға жыққандарға сот үкімі шықты

13.02.2026 11:17 Арман Ермеков
Атырауда блогерді зират басына апарып соққыға жыққандарға сот үкімі шықты
365
Фото: әлеуметтік желі

Атырау қаласының №2 соты блогерді алдап шақырып, кейін соққыға жыққан екі адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушылар Айдана Ақмурзиева мен оның танысы С. алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленуші,блогер Құралай Болатованың денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген. Сот екі айыпталушыны кінәлі деп танып 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, алайда олардың кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп жазаны орындауды бір жылға кейінге қалдырды. Сондай-ақ кінәлілер Құралай Болатоваға 1 миллион теңге моральдық және 2,9 миллион теңге материалдық шығын өтеуге міндеттелді.

Бұл оқиға 2025 жылдың 3 қазанында Ыстамбұлға жоспарланған турдың өтпей қалуынан туындаған жанжалдан басталған. Блогер Құралай Болатова ұйымдастырушыға 100 мың теңге алдын ала төлем жасаған, кейін қызмет көрсетілмеген соң ақшасын сұрағанда оған қоқан-лоққы жасалған. Ақша дауын шешу мақсатында кездесуге шақырылған блогерді қала сыртындағы зират басына апарып соққыға жыққан.

Сот бұл қылмыстың ауырлығы онша емес санатына жататынын және прокурордың сұрауын ескере отырып шешім қабылдады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий