Ауыр жағдай туралы жазған «Жігіттер» тобының әншісі елді ойландырып қойды
«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев марқұм әкесі мен дүниеден өткен баласына деген сағынышын жантебірентерлік жазба арқылы жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесі бұл жолы Instagram парақшасында ауыр әрі толғанысты жазбасын бөлісті.
«Енді мен үшін тек естелік болып қаласыздар- ӘКЕ, ҰЛЫМ!
Маған ЕҢ ыстық жандар мына өмірдің парақтарын жауып, ахиреттің есігін ашып кете барды.
Қазақта «Аталсатсаң аталат, боталатпа!»дейтін сөз бар еді. Онысы мәңгілік ешкім жоқ, тек балаң өсіп, буыны бекіп, көз алдыңда шүлдірлеп, өсіп-өнсін дегені екен ғой.
Тағдыр...Алла маған екеуінде айтуды жазған екен.Көнесің...
Разылықпен көндім Алланың жазмышына. Өйткені Алла көркем, Алланың ісі де көркем. Біз мұсылмандар осыған бұйырылғанбыз. Көңіліме тыныштық сыйлайтыны Ұлым Ибраhим а.с пайғамбармен Сара анамыздың жанында. Ертең ақыретте Алла сол баланы ата-анасына шапағатшы қылып жібереді екен.
Әкем бес уақыт намазын, отыз күн оразасын, хаж амалымен кете барды. Және жүрегіме үміт сыйлайтыны-ЖӘННАТ.
Үмітім ертең ахиретте Алланың біздерге дайындаған Жәннат деген ұлы нығметінде сіздермен бірге боламын деген үміт.
Пайғамбарымыздың немересі қайтыс болғанда қызына: «Берген де Алла, алған да Алла!Барлығы оның жанында белгілі мерзімге дейін болады, ендеше сабыр етіп, сауабын үміт ет» деп көңіл айтқан екен. Мен де шамам жеткенше сабыр етіп, Алладан сауап үміт етемін.Алла сіздерге мейірімін төксін.Алла сіздерді Рақымына бөлесін», – деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар