«Айтайын ба, айтпайын ба»: Мөлдір Мұқан күтпеген жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

18.11.2025 12:11 Әсел Мұрат
«Айтайын ба, айтпайын ба»: Мөлдір Мұқан күтпеген жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
0
113
Фото: видеодан скрин

Кеше Мөлдір Мұқанның продюсерлігімен түсірілген «Шай в большом городе» фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Тұрсынбек Қабатовтың экс-жары болашақта ажырасу тақырыбында тағы да кино түсіргісі келетінін айтты. 

«Залға кіруге қатты қорықтым. Тығылып отырдым. Бұл енді алғашқы кино болғандықтан кемшіліктер болуы мүмкін. Тәжірибе жинап алдық. Келесі киноға идея көп. Тағы бірге киноға түсеміз. Осы жолы жай шет жағасын жеңіл-желпі көрсеттік қой. Өзің білесің ғой. Енді келесі кинода тура тікесінен тартатын боламыз. Қоғамдағы өте өткір тақырыпты алатын боламыз. Сценарий жазылып басталды. Айтайын ба тақырыпты? Айтпайын ба? Негізі елімізде соңғы уақытта болып жатқан статистикаға қарағанда ажырасу тақырыбында кино түсіргім келіп жатыр. Сол кино арқылы ажырасудың саны азайса, кем дегенде бір 10% отбасына әсер ететін болса оның өзі үлкен жетістік»,- деді Мөлдір Мұқан журналист Ирина Тенге берген сұхбатында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий