«БАД-тарын «оқылған дәрі» деп сатты»: журналист өзін «шлюха» деген «емшіге» шүйлікті

15.05.2026 08:58 Әсел Мұрат
«БАД-тарын «оқылған дәрі» деп сатты»: журналист өзін «шлюха» деген «емшіге» шүйлікті
273
Фото: ашық дереккөз

Танымал журналсит әрі кәсіпкер Динара Сәтжан TikTok-та, инстаграмда ақшаға бата беретін ақтөбелік «емшіге» арыз жазатынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналист оның қызметінің қаншалықты заңды екеніне күмән келтірді.

«Осыған байланысты Ақтөбе облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне сұрау жолдаймын. “Ақылы батаның” ақшасы қайда түседі? «Каспиіне» ме? Әлде күйеуі мен ұлының шоттарына ма? Ол салық төлей ме? Адам емдеуге лицензиясы бар ма? Ақылы бата беріп, сынық салып, киелі заттар сатып, адам емдеп, бірнеше бизнес ашып, бірнеше мүліктерді, көліктерді туған-туысқандарына сыйға тартатындай ол батаның ақысы қандай? Соншалықты батадан миллиондаған ақша табуға бола ма? Батасы заңды патенттелген бе? Киелі заттар дегені не? Оның патенті бар ма? Желілік бизнестердің БАД-тарын халыққа ем үстінде сатуға құқығы бар ма? Бұл заңды ма?» – деп жазды ол.

Динара Сәтжан өзі ауырып халықтың қалтасынан ақшасын қағып алып, БАД-тарын «оқылған дәрі» деп ауру адамға сату қаншалықты дұрыс екенін сұрап, «киелі заттарды» сатуға қандай рұқсат құжаттары бар екені тексерілуі тиіс деп отыр.
Журналист әлгі «емшіні» әлеуметтік желіде халықты арандатты, сондай-ақ өзі туралы жалған ақпарат таратты деп айыптады.

«Неге ол халық арасына бүлік салады? Қазақша сөйлемесеңдер көтеріліске шығайық деп неге әлеуметтік желіде халықты арандатқысы келеді? Ауыз өзімдікі екен деп неге елдің бәрін қорлайды? Маған да «шлюха» деп тіл тигізді. Бұл – жария түрде қорлау. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабы! Қорлау! Неліктен мен туралы жалған ақпарат таратып, адамдарды адастырады? Мені мемлекеттік жобалардан ақша алады деп айтыпты. Ал, менің мемлекеттен бір тиын да алмағаным, ешқандай мемлекеттік тендерлерге қатыспағанымды оп- оңай дәлелдеуге болады. Барлығы ашық ақпарат көздерінде тұр», – дейді ол.

Журналистің айтуынша, бұл мәселелермен адвокаты Рена Керимова айналысып жатыр. ОлАқтөбе облысының полициясына арыз жазып, заң аясында барлық іс-әрекетіне, айтқан сөздеріне жауап беретінін атап өтті. 

«Бұл бейберекетсіздікті тоқтататын уақыт келді», - дейді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий