Банкир Жомарт Ертаев қайтадан түрмеге жабылды

14.02.2026 16:49 Арман Ермеков
Банкир Жомарт Ертаев қайтадан түрмеге жабылды
171

Сотталған экс-банкир Жомарт Ертаев темір торға қайта оралды, өткен жылдың қазан айында Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы оған қатысты рақымшылық туралы шешімнің күшін жойған болатын, деп хабарлайды Politico.kz.

Жоғарғы сот апелляциялық сатының үкімі түпкілікті екенін және банкирдің қорғаушылары бұл шешімге бұдан былай шағымдана алмайтынын растады. Сонымен қатар Жомарт Ертаевтан мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түспегені белгілі болды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті экс-банкирдің колонияға қайтарылғанын және қазір жазасын өтеуді жалғастырып жатқанын хабарлады. Еске салайық, 2020 жылы ол Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін 11 жылға сотталған еді және бұл іс бойынша онымен бірге тағы 35 адам жауапқа тартылған.

Кейіннен Ертаев Bank RBK, Qazaq Banki және Еуразиялық банк қаражатын жымқырғаны үшін тағы бір қылмыстық іс бойынша жаза арқалаған болатын. Өткен жылдың қыркүйегінде экс-банкир рақымшылықпен бостандыққа шыққан еді, алайда өтелмеген мерзімді есептеудегі қателіктерге байланысты бір айдан соң бұл шешімнің күші жойылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий