Бибісара Асаубаева көптен күткен орденін алды

29.06.2026 14:51 Әсел МҰРАТ
Бибісара Асаубаева көптен күткен орденін алды
78
Фото: ашық дереккөз

Шахматшы президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Telegram желісіндегі арнасында ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алғанын айтып, видео жариялады.

«Мен көптен күткен ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алдым. Менде ІІІ дәрежелі орден бар, енді І дәрежелі орден қалды. Сонда кавалер атанамын. Қараңдарыздаршы, қандай әдемі. Міне, «Барыс», түсі қандай әдемі», - деді шахматшы.

Бибісара Асаубаева Instagram-дағы парақшасында жақында Ташкенттен оралғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 30 желтоқсанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Бибісара Асаубаеваны жылдам шахматтың бір түрі – блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын.

Тоқаев оны наурызда блицтен әлем чемпионатындағы жеңісі үшін марапаттаған еді.  Алайда Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ол марапаттау рәсіміне шетелден Астанаға келе алмады.

Бұған дейін шахматшы Бибісара Асаубаева Тоқаевтан көмек сұрағаны хабарланған еді. Ол мемлекет басшысына видеоүндеу жолдап, қаржылай қиындықтарға тап болғанын айтты.

Шахматшы ел абыройы үшін жасаған еңбегінің бағаланбай жатқанын айтып, шағымданды. Бибісара қаржы жетіспей жүргендіктен маңызды жарысқа секунданттарын апара алмағанын да жеткізді.

Бибісараның сөзі қоғамда үлкен пікірталас тудырғаннан кейін Туризм және спорт министрлігі шұғыл баспасөз жиынын өткізуге мәжбүр болды. Аталған жиында вице-министр Серік Жарасбаев спортшының шағымын жоққа шығарып, Президент марапатының неліктен кешіккенін түсіндіре келе, қазіргі спортшылар ұлттық намыстан гөрі қаражатты бірінші орынға қояды деген пікір білдірген еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий