Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволға үкім шықты

29.01.2026 17:54 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволға үкім шықты
257
Фото: ашық дереккөз. Суретте: боксшы Дмитрий Бивол мен бұрынғы әйелі Екатерина Биво

Бүгін Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты ресейлік және қырғызстандық боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот мәліметінше, Екатерина Бивол Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты Екатерина Биволды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 60 сағат міндетті қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады», — делінген хабарламада.

Ол бұған дейін қазақ ұлты мен қызғыздарға қатысты қорлайтын сөздер айтып, қоғамның ашу-ызасын тудырған еді.

Бұған дейін, 2025 жылдың қазан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған болатын. Ведомство оның экстрадициясы мәселесін көтеру ниеті барын мәлімдеген. Кейін оған іздеу жарияланды.

Осыған ұқсас қылмыстық іс Қырғызстанда да қозғалған. Онда Екатерина Бивол ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікке ілінген.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий