«Құдай бұйырса»: Бала сүйгісі келетін Динара Сәтжан күтпеген мәлімдеме жасады
691
Танымал журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан психолог Шолпан Есмағанбетоваға берген сұхбатында жұбайы Жұмабек Жанықұловпен ортақ перзент сүю мәселесі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.
«Ортақ бала сүюді жоспарлайсыздар ма?» деген сауалға Динара: «Құдай қаласа, иә. Бұйырса, ортақ сәбиіміз болады деп сенемін», – деп жауап берді. Оның айтуынша, өзі де сүйген адамынан бала сүйгісі келеді.
Тележүргізуші бұл шешімнің астарында қандай да бір есеп немесе өзге мақсат жоқ екенін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, бұл ер адамды өзіне байлап қалу немесе бұрынғы жұбайынан кек қайтару ниетінен туған қадам емес.
Сондай-ақ Динара жолдасы Жұмабек Жанықұловтың әкелік жауапкершілігіне жоғары баға берді.
«Ол өз балаларына әрдайым жауапкершілікпен қарайды. Бұрынғы әйелімен ажырасқанына қарамастан, балаларын ешқашан қараусыз қалдырған емес. Қолдауын үзбей, әкелік міндетін адал атқарып келеді», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
20:12
Алматы облысында балаларды ұрған мешіт ұстазы ж...
05.10.2026
20:10
"Бір күнде көлік пен ақшамнан айырылдым": Дана ...
05.10.2026
19:48
Жамбыл облысында 15 жастағы оқушы төбелесте қаз...
05.10.2026
19:23
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Оман Сұлт...
05.10.2026
18:43
Атырауда бутик ашылуындағы абыр-сабыр: Жалға ал...
05.10.2026
18:01
Каспийдегі қасіреттен кейінгі тексеріс: 13 қылм...