«Құран кітабы ғана жанбаған»: Алматыда өртенген балалар үйінде таңғажайып оқиға болды (ВИДЕО)
1015
Алматыда мыңдаған жетім баланы бауырына басқан Әмина қажы Әжібаеваның «Перзент» балалар үйі алапат отқа оранды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Балалар үйінің директоры Әмина қажы Әжібаева өрт сөндірушілерге алғысын білдіріп, таңғажайып оқиға туралы айтып берді.
«Бүгін осындай сынаққа қалдық. Құтқарушылар сағат төрттен беріп жұмыс істеп жатыр. Алла разы болсын, бала-шағаларының қызығын көрсін. Апасының басына күн түсіп еді, барлығы бір үйдің баласындай көмектесіп жүр. Ең кереметі, құран кітабымның өртенбей қалғанын қараңдаршы, түк болмағандай. Менің қаруым күйіп кетіпті, бірақ құранға ештеңе болмапты. Алла ұлық! Ұлылықтың белгісі», - дейді Әмина қажы.
Дер уақытында жеткен құтқарушылар ғимарат ішіндегі қызметкерлер мен балаларды эвакуациялап үлгерді.
Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт асхананың ішкі бөлігінде тұтанған, алайда ғимаратта адамдар болмаған.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...