Жамбылда ерекше күтімді қажет ететін 14 жастағы қыз зорлық нәтижесінде жүкті болып қалды
Анасының айтуы бойынша күдіктілер бостандықта жүр
Жамбыл облысының Қордай ауылында өткен жазда орын алған ауыр оқиға қоғам назарын қайта аудартты. 14 жастағы, ақыл-ой дамуында ерекшелігі бар жасөспірім зорлық-зомбылық салдарынан жүкті болып қалған деп хабарлайды Politico.kz сайты EGOV.PRESS-ке сілтемемен.
Жәбірленушінің анасының айтуынша, күдікті тұлғалар әлі күнге дейін бостандықта жүр. Қазіргі таңда қыз бала жүктіліктің 28-аптасында екені хабарланды.Оқиғаға байланысты құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатқаны белгілі. Анасы істің әділ әрі ашық қаралуын талап етіп, жауаптылардың заң алдында тиісті жазасын алуын сұрайды.
Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары бұл істің жіті бақылауда болуын талап етіп, кәмелетке толмағандар құқығын қорғау мәселесін көтеруде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
11:44
Шымкентте жанармай тасығыш көлік аударылып, жүр...
19.11.2026
11:36
"Менің байымның соңынан аңдып...": Тұрсынбек Қ...
19.11.2026
11:02
«Соққыдан өлмеген»: Жаңатаста вокзалда төбелест...
19.11.2026
10:55
Кәсіпкер 10 жыл бұрынғы жақсылығы үшін Тұрсынбе...
19.11.2026
10:47
Құрылыс және тағы да құрылыс! Шетелдік БАҚ Тоқа...
19.11.2026
10:12
«Қазақмыс» Шатыркөл байыту фабрикасының техника...