Вице-министр Ұлдана Мырзуанның отбасына қандай төлемдер тағайындалатынын айтты

19.11.2025 13:44 Арман Ермеков Арман Ермеков
Вице-министр Ұлдана Мырзуанның отбасына қандай төлемдер тағайындалатынын айтты
0
2647

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев қызметтік борышын өтеу кезінде қайғылы жағдайда қаза тапқан жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның отбасына мемлекет тарапынан қандай төлемдер тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Вице-министрдің сөзінше, ең алдымен, марқұмның отбасына заң бойынша асыраушысынан айырылу жәрдемақысы қарастырылған.

«Егер марқұмның асырауында баласы болса, онда балаға және жұбайы болса, жұбайына да асыраушысынан айырылу бойынша тиісті жәрдемақы тағайындалады. Екіншіден, жерлеуге арналған төлемдер бар», — деді Асқарбек Ертаев.

Ол сондай-ақ, егер қаза болған азамат міндетті әлеуметтік аударымдар жасаған болса, оның отбасына жерлеу рәсіміне байланысты 95 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленетінін айтты. Бүгінгі таңда бұл сома 373 540 теңгені құрайды.

Алайда, бұл төлемдерге қатысты нақты әрі түпкілікті шешім комиссия отырысында қабылданады. Бұл ретте марқұмның қазасына қатысты тергеу амалдарының нәтижесі және жұмыс берушінің жауапкершілігі ескерілетін болады.

Еске сала кетейік, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан 8 қараша күні Астанада шақырту кезінде ғимараттан құлаған ауыр кондиционер блогынан жарақат алып, 18 қараша күні ауруханада қайтыс болды. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін оған «Ерлігі үшін» медалі тағайындалды. 19 қараша күні Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий