«Жалаңаш суреттерін шетелге жіберген»: Қазақстандық әйел қырғыз балаларын сатып алып, азғындық жасаған

07.04.2026 17:12 Әсел Мұрат
«Жалаңаш суреттерін шетелге жіберген»: Қазақстандық әйел қырғыз балаларын сатып алып, азғындық жасаған
505
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әйел мен израильдік ер адам Қырғызстаннан үш бала сатып алған. Оларға азғындық әрекет жасап, діни рәсімдерді орындап, балалардың интимдік суреттерін шетелге жіберген, деп хабарлайды Politico.kz Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

МҰҚК мәліметтері бойынша, бала саудасы бойынша қылмыстық іс 2024 жылдың қыркүйегінде қозғалған. Балаларды елден заңсыз алып шығуға тырысқан кезде қазақстандық әйел мен қырғыз азаматы ұсталған.

Қауіпсіздік қызметі қазақстандық әйелдің Израиль азаматымен сөз байласып әрекет еткенін хабарлады. Олар Қырғызстан азаматынан үш баланы сатып алған.

«Балаларға қатысты азғындық әрекеттер мен діни рәсімдер жасаған, балалардың жалаңаш денесін суретке түсіріп, елден тыс жерде тұратын үшінші тұлғаларға жіберген», - деп хабарлады мемлекеттік комитет.

Сонымен қатар, айыпталушылар қырғыз әйелінің тағы екі баласын қамқорлыққа алған. Оларға да осындай әрекеттер жасаған.

ҰҚК осы қылмысқа қатысы барларды ұстау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

12 наурызда сот қазақстандық әйелді 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, ал Қырғызстан азаматы мүлкін тәркілеумен бірге 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий