Жаңа министр ант берді (ВИДЕО)
Бүгінгі үкімет отырысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың ант беруімен басталды, деп хабарлайды Politico.kz.
«Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», - деп ант берді Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында.
Еске сала кетейік, Асқарбек Ертаев қаңтарда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына келген болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.11.2026
11:36
Мақпал Жүнісова анасының 90 жас мерейтойын атап...
16.11.2026
11:25
Тоқаев ҰҚК төрағасын ауыстырды
16.11.2026
10:51
Таиландқа барған қазақстандық белгілі дәрігер к...
16.11.2026
10:14
Өрттен бір отбасының үш қызы қаза тапты
16.11.2026
09:53
Миына ота жасалған ер адам екі жылдан бері адам...
16.11.2026
09:35
Сенаттан кеткен Мәулен Әшімбаев көпшілік алдына...