Ақтөбеде пакетке оралған нәресте: Оқиғаға қатысты жаңа деректер шықты
1633
Оқушы жаңа туған сәбиді құтқарып қалды
Ақтөбеде көпқабатты үй ауласынан полиэтилен пакетке байланып тасталған жаңа туған сәбиге қатысты тың мәліметтер шықты, деп хабарлайды Politico.kz сайты Диапазон-ға сілтемемен.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, нәрестені №16 мектептің 7-сынып оқушысы Арина Тяглова тауып алған. Ол сыныптасымен бірге ауладан өтіп бара жатқанда пакет ішінен шыққан әлсіз дыбысты естіп, күмәнданған. Оқушы дәлел ретінде видеоға түсіріп, кейін пакетті ашқанда ішінде жаңа туған ұл бала жатқанын көрген.
Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің денесі қатты тоңып қалған. Соған қарамастан, нәресте дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, аман қалған. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақталып, дәрігерлер бақылауында жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, сәби толық жетіліп туған. Құқық қорғау органдары баланы тастап кеткен адамды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
13:54
БҚО-да төрт бала туған анасынан бас тартты
14.10.2026
13:22
Айбек Барыс бәсекелесін балағаттағаны үшін сотт...
14.10.2026
12:48
«Байлар мемлекеттен көмек алмауы керек»: Бектен...
14.10.2026
12:38
«Сізді сағынатын боламын»: Ақмола облысында 38 ...
14.10.2026
12:36
Алматы облысында үкіммен келіспеген сотталушы с...
14.10.2026
12:14
Атыраудың экс-әкімі Шәкір Кейкінге қатысты қылм...