Астана көшелерінің бірінде есінен танып қалған әйел көз жұмды

08.10.2026 • 15:03 Мөлдір ҚАЙНАР
Астана көшелерінің бірінде есінен танып қалған әйел көз жұмды
286
Фото: istockphoto.com

Елордада көшеде кенеттен жағдайы күрт нашарлаған әйел адам жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаға куә болған өтіп бара жатқан тұрғындар бірден көмекке ұмтылған. Олар жедел жәрдем жеткенше қолдан тыныс алдырып, жүрегіне жанама массаж жасап, алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге барынша тырысқан.

Алайда шамамен 18 минутта жеткен жедел жәрдем бригадасының реанимациялық әрекеттері нәтиже бермеді. Дәрігерлер келіп жеткенде әйелде өмір белгілері байқалмай, мамандар оның биологиялық өлімін тіркеді.

Қазір марқұмның мәйіті тәртіп сақшыларына өткізілді. Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен нақты себебі анықталып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий