"Енем ұрды": танымал блогер жан сырын ақтарып, жылап қалды
Танымал блогер әрі әнші Сабина Мовлаева экс-қайын енесінің ұрғанын ашық айтып, сырын бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.
Енесі ұрып, қорлық көрсетіп жатқан сәтін экс-күйеуі көрсе де, көмектеспей әйелдердің арасына түспеуді ұйғарғанын жеткізді.
"Енем ұрып, аузына келгенін айтып жатқанда күйеуім де, қайын атам да қарап тұрды. Ешқандай көмек көрсетпеді. Күйеуім маған көмектессе, шешесінен сөз еститінін біліп тұр. Қайын атам да аузын ашпады", - деді блогер,
Басынан ауыр тағдырды өткізген блогерді халық қолдауда.
"Неше түрлі адамдар болады, біреудің қызын ұратын сорлы, тексіз енелер көп, сондықтан небір пікірді жазбаңдар, оларлың отбасында болған жоқсыңдар, не керек, ақылды, дана енелер бар, сорлы, арсыз, шайпау енелер бар", "Біреудің қызын қалай ұруға болады. Қорғайтын күйеуі қайда. Құдай сақтасын осындай топас ата-енеден. Сабинаның қателігі,оның сұлулығы. Мына негатив жазатын аамдар көре алмайтын адамдар. Сабинаның харизмасы,сұлулығы ешкімге ұқсамайды", - деп жазды көпшілік.
Соңғы жаңалықтар