«Ешкім күтпеген дуэт»: Мақпал Жүнісова мен Тұрар Ыдырыс сахнада бірге өнер көрсетіп, көрерменді тәнті етті
149
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен 2Rar лақап атымен танымал әнші Тұрар Ыдырыс бір сахнада өнер көрсетіп, тыңдармандарын ерекше дуэтпен таңғалдырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иелерінің сахнадағы ерекше биі мен әсерлі әні таспаланған бейнежазбаны әлеуметтік желіге әнші Нұрлыбек Нағметов жүктеді.
«Меніңше, бұл тыңдармандар үшін күтпеген дуэт болды», – деп жазды ол.
Қос буын өкілдерінің шығармашылық үйлесімі желі қолданушыларының зор ықыласына бөленіп, оқырмандар: «Мақпал апамыздың энергиясына тіл-көз тимесін», «Мақпал апайға бәрі жарасады, нағыз Халық әртісі», «Өте қарапайым әрі мықты жан», «Керемет, өте мықты дуэт болды, көйлегіңіздің әдемісін-ай» деген секілді жылы лебіздерін жарыса қалдырды.
Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
11:36
Роза Рымбаева: Бет-аузын тұмшалап алған қыздард...
21.09.2026
11:30
Әділетхан Молдаханның апелляциялық соты қашан ...
21.09.2026
11:18
Қонаевта 22 жастағы жүргізуші баланы қағып өлтірді
21.09.2026
11:07
Маңғыстауда бірнеше адам балықтан уланып, жанса...
21.09.2026
11:07
«Ешкім күтпеген дуэт»: Мақпал Жүнісова мен Тұра...
21.09.2026
10:41
Меркіде 19 жасында қайтыс болған Мәдина Рашидқы...