Меркіде 19 жасында қайтыс болған Мәдина Рашидқызының қырқы берілді
578
Жамбыл облысы Меркі ауданы Қызыл қыстау ауылында 19 жасында жұмбақ жағдайда көз жұмған жас келіншек Мәдина Рашидқызының қайтыс болғанына 40 күн толып, асы берілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы оқиғаның мән-жайын бақылауда ұстап жүрген блогер Жан Ахмадиев хабарлады.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жиыннан бейнежазба жариялады. Видеодан марқұмның қабырғасы қайысқан анасын, сондай-ақ іс бойынша заңгерлік көмек көрсетіп жүрген белгілі қоғам белсендісі Инга Иманбайды байқауға болады.
Еске сала кетейік, қайғылы жағдайдан кейін жас келіншектің артында он айлық сәбиі қалған болатын. Бұған дейін марқұмның анасы құдаларының қарсылығына байланысты өз жиенімен кездесе алмай жүргені туралы ақпарат тарап, қоғамда резонанс тудырған еді.
Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
11:36
Роза Рымбаева: Бет-аузын тұмшалап алған қыздард...
21.09.2026
11:30
Әділетхан Молдаханның апелляциялық соты қашан ...
21.09.2026
11:18
Қонаевта 22 жастағы жүргізуші баланы қағып өлтірді
21.09.2026
11:07
Маңғыстауда бірнеше адам балықтан уланып, жанса...
21.09.2026
11:07
«Ешкім күтпеген дуэт»: Мақпал Жүнісова мен Тұра...
21.09.2026
10:41
Меркіде 19 жасында қайтыс болған Мәдина Рашидқы...