"Миым мен көзім зақым алды”. Әйкерім Есенәлі елді алаңдатып қойды

коллаж alash.kz

Тележүргізуші, журналист Әйкерім Есенәлі аттан құлап, ауыр жарақат алғанын айтты, деп жазады POLITICO.KZ  Alash.kz ұлттық порталына сілтеп.

«3 апталық паузадан кейін баршаға сәлем!

Аттан баспен құлап, миым мен бас сүйек, көзім зақым алып қалды. Іздеп, жағдайымды сұрап, дұға етіп қолдаған барлық достарым, жақындарыма мың алғыс. Жаратқан разы болсын.

Енді атқа мінуден бетім қайтып қалды. Тірі, аман қалғаныма шүкір», - деп жазды Әйкерім Есенәлі. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу