Орысша ән айтқан Мөлдір Мұқан сын астында қалды
Танымал әнші Мөлдір Мұқан жаңа әніне түсірілген бейнебаяннан кейін желі қолданушыларының сынына қалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі орыс тіліндегі жаңа әніне бейнебаян түсіріп, оны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Алайда жаңа туынды көпшілік арасында қызу талқыға түсіп, тыңдармандардың пікірі екіге жарылды.
Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің орыс тіліндегі айтылуы мен акцентін сынға алып, ән сөздерін түсіну қиын болғанын жазды.
«Кто это?», «Роман деген сөзді ғана түсіндім», «Ужааас», «Орысша айтпай-ақ қойыңызшы», «Түк түсінбедім», «Акцент жаман болып тұр», «Не айтып жатқанын түсіну қиын», «Қазақша ән айта беріңізші», «Қой дейтін адам бар ма?» деген пікірлер қалдырған.
Дегенмен, өнер иесін қолдаған оқырмандар да табылды. Олар «Жұрт не десе де, тек алға, Мөлдір ханым!», «Әдемі» деп жылы лебіздерін білдірді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...