Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге бола ма? Министрлік маңызды мәлімдеме жасады

07.08.2026 • 20:16 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге бола ма? Министрлік маңызды мәлімдеме жасады
866
Ашық дереккөз

Жаңа оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қойылатын талаптарды тағы бір мәрте түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстандағы білім беру ұйымдары зайырлы қағидат бойынша жұмыс істейді. Осыған байланысты мектептерде бекітілген киім үлгісі ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес сақталуы тиіс.

Министрлік өкілдері көптеген мектептердің ішкі тәртіп қағидалары бойынша оқу ғимаратында бас киіммен жүруге тыйым салынғанын атап өтті.

Сонымен қатар, мектеп формасының үлгісі әр білім беру ұйымында ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес және мектептің өзін-өзі басқару ұйымының қатысуымен бекітіледі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий