Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдан кейін жұмыстан кетті

03.02.2026 10:55 Әсел Мұрат
Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдан кейін жұмыстан кетті
209
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Серік Сәпиев

Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығынан өз еркімен кетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігі хабарлады.

Оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен жұмыстан босатылды.

Еске сала кетсек, 21 қаңтар күні Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, танымал самбошы Дәурен Есімхановтың арасында жанжал шыққан. Кейін әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тараған еді.

Кейіннен осыған қатысты мәлімдеме жасаған Серік Сәпиев те көпшіліктің алдына шығып, өз шындығын айтты. Олимпиада чемпионының мәлімдеуінше, оның орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжал жеке немесе тұрмыстық сипатта болмаған.

«Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді», - деді Сәпиев.

Оның орынбасары Дәурен Есімханов та болған оқиғадан кейін мәлімдеме жасап, көпшілікті арандатуға ермеуге шақырды.

«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын», - деп жазды Есімханов өзінің парақшасында.

Кейіннен бұл мәселеге облысы әкім араласты. 

«Аталған жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру жүргізеді, сондай-ақ басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалады. Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі», – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңес барысында.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий