«Шектен шығып кеткен»: Асаба Сабыржан тағы да сынның астында қалды

02.08.2026 14:19 Қарақат АСЫЛОВА
«Шектен шығып кеткен»: Асаба Сабыржан тағы да сынның астында қалды
281
Фото-коллаж: Politico.kz

Әлеуметтік желілерде асаба Сабыржанның той жүргізіп жүрген сәті түсірілген видео кең тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бейнежазбада асабаның жас жұбайлардың үстеліне отырып, электронды темекіге ұқсас құрылғыны пайдаланып отырғаны байқалады. Оқиғаның нақты қай жерде және қашан болғаны әзірге нақтыланбаған.

Желі қолданушылары бұл әрекетке әртүрлі пікір білдірді. Бірі асабаның мұндай қылығы тойдың салтанатына сай келмейтінін айтып, сынға алса, енді бірі оны жүргізушінің өзіндік стилі мен көрерменнің назарын аударуға бағытталған шоу элементі ретінде бағалады.

Пікір қалдырушылардың бір бөлігі асабаның кәсіби әдебін сөз етсе, өзгелері оның ерекше жүргізу мәнері бұрыннан талқыланып жүргенін еске салды.

Айта кетейік, Сабыржан бұған дейін де әлеуметтік желілерде түрлі видеолары арқылы көпшіліктің назарын аударған. Өзін «халал асаба» ретінде таныстыратын жүргізушінің ерекше стилі бірнеше рет қызу пікірталас тудырған.

Войдите, чтобы оставить комментарий